ЛАТЫН ҚАРПІНЕ ҚАДАМ

0
112

 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында 14 қараша сағат 11.00-де республика бойынша латын графикасы негізіндегі жалпыхалықтық диктант өтті.
Айтулы акцияға қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақ жазуын латын графикасына көшіру бойынша Елбасының батыл шешімі халқымыздың әлемдік өркениетпен үндесе дамуының тұтас барысын қамтитын ұлы үдерісін бастап бергенін алға тартып, жаңа әліпби негізіндегі жалпыхалықтық диктант қатысушыларына сәттілік тіледі.
«Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасы негізінде жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латыннегізді қазақ әліпбиіне тәжірибелік тұрғыда дағдыландыру, халықтың жаңа әліпбиге деген көзқарасы мен танымын тереңдету, сол арқылы латын әліпбиіне біртіндеп көшуге негіз қалау мақсатындағы акция еліміз бойынша бір уақытта басталды.
Диктант қаламыздағы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында, кітапханада және мектептерде дайындалған арнайы аудиторияларда бір уақытта өтіп, оған мемлекеттік қызметкерлерден, мұғалімдер мен оқушылардан, жалпы қала тұрғындарынан ұзын саны 2000-ға тарта адам қатысты.
Диктанттың тақырыбы – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы. Мәтін 80-ге жуық сөзді қамтыды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз