Болашақ ана қамы – ұлт қамы

0
101

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан-2050»  Стратегиясында жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды алдыңғы қатарға шығарды.
Мемлекет басшысы ананы қорғау туралы: «Мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ананы қорғау – ерекше мәселе, аналар – отбасының, демек, мемлекеттің тірегі. Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты. Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар – болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары», – деді.
Халқымыздың көшпелі дәуірінде қыздарды, әйелдерді жоғары бағалаған. Олар – өмір. Өмірдің сәні мен салтанаты, ер адамдардың ақылшысы, балалардың тәрбиешісі деп қараған. Әйел туралы сөз қозғау оңай да, қиын да. Әйел ибалы қыз, инабатты келін, қарындас, ана, апа, әже. Тарихымызға зер салсақ, халқымыз ананың орнын жоғары тұтқан. Содан да болса керек, ұрпақ тәрбиесін әйелге, анаға жүктеген.
Қазір баяғы аналарымыздай ерін пір тұтып, ибалы қыз, иманды ұл тәрбиелеп отырған әйелдер күн өткен сайын азайып бара жатқаны, ащы да болса шындық. Бүгінде еліміз батыстық үлгідегі гендерлік саясатты пайдаланып, қыз-келіншектердің құқығын қорғап, олардың қоғамдағы рөлін көтеру ісімен мемлекеттік деңгейде айналыса бастады. Осының нәтижесінде, елімізде гендерлік саясат сәтті орындалып, билік тізгінін ұстаған қыз-келіншектердің саны арта түскені жасырын емес.
Гендерлік саясат дегеніміз – әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу болып табылады.
Қазір, әйелдердің қоғамдағы орны қандай? Бүгінгі әйел билік басында еркекпен иық тірестіріп жұмыс жасап жүр. Олар – ана, олар – жар, олар – қыз, олар – келін. Сонымен бірге, әр саланың кәсіби маманы. Ең бастысы, әйел – қоғамның тең құқылы мүшесі.
Халқымыз ежелден-ақ ұрпақ тәрбиесіне қыз балаға ерекше көңіл бөліп қараған. Қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің жұмыстарына баулып отырған. Сондай-ақ, қолынан іс келсе, нәзік жандылардың билікке араласуына әбден болады.
Қазір ғылым, білім, техника, ақпарат, сауаттылық заманы. Ерлердің ісі болып есептелетін салада әйелдердің саны артып келе жатқандығын кім де болса мойындайды. Әйел көлікті де жүргізе алады, ұшақты да басқарады. Әрине, қауіп-қатері мол, қол қауқарын қажет ететін мамандықтар әлі күнге дейін техника дамып, адам жұмысы жеңілдеп жатса да кездеседі. Мысалы, зергер, жүк тасушы, жол жөндеуші. т.б. Мұндай мамандықтар қатарынан әйел баласын кезіктіру екіталай. Саясат пен басқару саласында әйелдердің өз орнын табуына мүмкіншілігі жеткілікті, өйткені саясатта қара күш емес, біліктілік пен қабілеттілік қажет.
Бақытгүл МАДЫБЕКОВА,
Текелі қалалық сотының бас маманы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз