ЖЕМІСТІ ЖЕҢІС ЖАЛАУЫ

0
102

   Астанада карате-до киокушинкай KWF-дан өткен ІІ Әлем чемпионатында Текелі қалалық ОРМБЖМ және Алматы облыстық карате федерациясының тәрбиеленушілері Әсемай Акранбек пен Данелия Акатаева әлем чемпионы атанды. Көк Туымызды асқақтатқан жеңімпаздарды қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы құттықтап, сый-сияпат көрсетті.
Текелілік жастардың каратеге деген қызығушылығы артуда. Шинкиокушинкай каратеден Текелі қалалық ОРМБЖМ және Алматы облыстық карате федерациясының жаттықтырушысы Рафаэль Райманов осы бағытта жемісті жұмыс атқаруда. Бүгінде қаламызда 300-ге жуық шығыс жекпе-жегімен айналысушылардың кіл мықтылары дүбірлі додаларда жеңімпаз атанып, жүлдеге ие болып, өңір абыройын асқақтатып келеді.
Осы орайда, жеңіс тұғырынан көрінген чемпиондарға деген ерекше ілтипат пен құрмет қаланың кіреберісінен ата-аналары, достары мен жанкүйерлерінің күтіп алуымен басталды. Мәдениет үйінің алаңында жеңімпаздар құрметіне өткен жиында қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы облыстық карате федерациясының төрайымы З.Бетирова мен жаттықтырушы Р.Раймановтың жылдар бойғы еңбегі мен шеберлігіне алғыс білдірді.
3-4 қараша күндері Астана қаласында өткен чемпионатқа әлемнің 26 елінен, атап айтсақ, Армения, Австралия, Әзірбайжан, Белорусия, Болгария, Эстония, Франция, Грузия, Венгрия, Үндістан, Иран, Ирак, Израиль, Жапония, Қырғызстан, Непал, Нидерланды, Польша, Ресей, Испания, Тәжікстан, Тунис, Украина, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан және Қазақстаннан 900-ге жуық спортшы бақ сынасты. 19 алтын медаль қанжығалаған жерлестеріміз 1-орын, ресейліктер 2-орын, жапониялықтар 3-орынға табан тіреді.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз