ТАЗА ҚОҒАМ НЕГІЗІ – ӘДІЛДІК

0
595

    Бүгінгі таңда біз жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз десек те, сол қоғамды шырмап алған дерт – сыбайлас жемқорлықты әлі күнге жеңе алмай келеміз. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықпен күресті зерттейтін халықаралық «Трансперенси интернэшнл» тәуелсіз ұйымының статистикасында Қазақстан 2017 жылдың қорытындысы бойынша 122-орында тұр.
Сыбайлас жемқорлықтың орын алуына ықпал ететін факторлар әр алуан. Әлемдік тәжірибе көрсет-кендей, әділдік ұғымы заңдылықпен қаншалықты сәйкес болса, сол қоғам жемқорлық секілді індеттен соғұрлым азат болады екен. Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оң іс-қимыл әрекетін ұстанған АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия, Малайзия, Сингапур, Ұлыбритания сияқты өркениетті мемлекеттердің іс-тәжірибесінде әділдік пен заңдылық синоним ұғымдар болып табылады. Сингапур көсемі Ли Куан Ю айтқандай «Елдің дамуы үшін демократия емес, ең алдымен, еңбекқорлық пен тәртіп керек. Өйткені, шектен шыққан демократия тәртіпсіздік пен берекесіздікке соқтырып, дамуға қолбайлау болады».
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда келесі алғышарттарды одан әрі тиімді жүргізу қажет: халықтың рухани-патриоттық сезімін ояту; қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік психологиясын қалыптастыру; мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік салдарын саналы түрде ұғындыру; халыққа құқықтық сауатсыздықты жоятын түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру.
Бүгінде халықтың үкіметке, мемлекеттік қызметкерге деген сенімділік дәрежесін одан әрі арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі баспалдағы болып табылады. Себебі, мұндай сенімділік орнамаған жағдайда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары немесе әдістері айтарлықтай нәтиже бермейтіні анық.
Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт кезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз!» деген болатын.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, біз қайда жүрсек те, қандай қоғамда өмір сүрсек те, қай салада еңбек етсек те, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрқайсымыздың адами парызымыз екенін естен шығармауымыз қажет.
Р.РЫСБЕКОВ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкері

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз