ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК

0
100

     Пробациялық бақылаудағы сотталған азамат есепке қойған кезден бастап оның денсаулық жағдайын, бiлiм деңгейiн, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерiнiң бар-жоғын анықтай отырып, сотталған адамның жеке басын зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ, оған ұсынылатын әлеуметтiк-құқықтық көмектiң көлемiн айқындауға қажеттi өзге де мәлiметтердi анықтайды.
Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар пробация қызметі әзірлеген жеке бағдарламаға сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
Қазіргі таңда пробация бақылауда тұрған сотталғандардың саны 109 азамат, оның ішінде 13 әйел азаматы, кәмелет жасқа толмағандар саны 6. Осы азаматтарға Текелі қалалық пробация қызметі 9 сотталғанға кәсіптік білім туралы куәлік пен сертификаттарын алуға мүмкіндіктер жасалған, 19 сотталған тұрақты жұмыспен қамтылды, 1 сотталғанға жеке куәлігі қалпына келтірілді, 80 сотталғанға денсаулық жағдайларына байланысты әртүрлі медициналық көмек көрсетілді.
Әлеуметтiк-құқықтық көмекті ұсыну және оны алудан бас тарту, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртiбiн түсiндiредi, сондай-ақ, тiркелу үшiн пробация қызметiне келу күндерi де белгiленеді. Пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда, пробация қызметi оның тұратын жерi мен жалтару себептерiн анықтау бойынша бастапқы iс-шараларды жүргiзедi.
А.ЧЕИРХАНОВА, Текелі пробация қызметінің бастығы, әділет капитаны

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз