ЖЫРҒА ТҰНҒАН МЕКЕНІМ – ЖЕТІСУ

0
776

   Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жақында №8 орта мектебінің ұйымдастыруымен жағалаудағы балалар ойын алаңында өңірімізден шыққан ақын-жазушылардың шығармашылығына арналған «Жырға тұнған мекенім – Жетісу» атты поэзиялық кеш өтті.
Әдеби кешке қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы қатысып, Жетісу жерінен шыққан ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, ұлттық рух пен ана тіліміздің бай да көркем болмысын әспеттеген оқушыларға ризашылығын жеткізді. Шара барысында, оқушылар тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу, бестас секілді ұлттық ойындарды ойнады, ән айтып, би биледі.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз