Атадан бата алды

0
604

  Әрбір шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем ететін ақылшы ата-әжесі болса, олар қоғамның да тәрбиешісі. Дана қарияның ақылы жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосады.
№4 балабақшаның «Балдәурен» мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік ертеңгілікте ата-әжелерімен кездесті. Ата салтымыздан таймай, нағыз қазақы дәстүрді сақтаған бабалар жолын ұстанған қарттарымыздың асыл мұрасын өскелең ұрпақтың бойына сіңіруді мақсат еткен кездесуде бүлдіршіндер би билеп, ән салып, тақпақ айтып, өнерлерімен тәнті етті. Шараға балабақшада тәрбиеленетін ұл-қыздардың ата-әжелері Нұрзада Қаниятқызы, Надежда Юдина, Гүлпиа Ерсейіт, Оңласын Айтбаевтар қатысып, шынай құрметтерімен қуантқан бүлдіршіндер мен балабақша ұжымына алғыстарын білдірді. Оңласын ата немерелерінің болашағы жарқын болсын деп ақ батасын берді. Қариялар бүлдіршіндердің өз қолдарымен жасаған сыйлықтарына мәзмейрам болды.
Гүлшат ЖҮНІСОВА, №4 балабақша тәрбиешісі

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз