ОЙЫМЕН ОЗҒАНДАР

0
829

   Өткен аптада қалалық Мәдениет үйінде оқушылар арасында шахматтан жарыс ұйымдастырылды.
Қала күні аясында ұлдар және қыздар арасында жеке-жеке өткен жарысқа №3, 5, 6, 8 орта мектебінен 15 оқушы қатысты.
Ұлдардан Олжас Болат 1, Мадияр Сырлыбеков 2, Илья Корж 3, қыздардан Ақбаян Рахымжан 1, Аруна Арман 2, Кристина Коренчук 3-орынды иеленді.
Қаламызға белгілі шахматшы, халықаралық және республикалық шахмат жарыстарының жүлдегері Серік Маклушов жүлделі оқушыларға қала әкімінің грамотасын табыстап, олардың шахмат тақтасындағы талантының жетіле беруіне тілек-тестік білдірді.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз