ЖЫЛЫЖАЙҒА ЖҰМЫСШЫ КЕРЕК

0
110

Қаланың кіреберісіндегі «Green House-Зеленый дом» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі біраз уақыт дағдарыстың дәмін татып, қазір қайтадан аяққа тұрды, тіпті толық жаңғыртудан өтті. Жылыжайдың 5,6 гектар аумағына қияр көшеттерін отырғызып, күтіп-баптауға кірісті.


Бүгінгі таңда жылыжайға көкөніс өсіріп, баптаушы мамандар тап-шылық қылуда. Барлығы 55 көкөніс өсіруші керек болса, қазір 36 адам ғана жұмыс істеп жүр. Серіктестіктің атқарушы директоры Талғат Мұханов: «Халықты жұмыспен қамту орталығымен де тығыз байланыстамыз. Қазір 20 көкөніс өсіруші, алдағы уақытта 25 қиярды сұрыптап қаптаушы маман қажет. Жұмысшыларды тасымалдауды мойнымызға алғанбыз және тегін түскі тамақ беріледі. Жұмыс уақыты таңғы 8.00-ден 16.00-ге дейін. Сенбі түске дейін жұмыс. Осы уақытқа дейін барлық қарыздарды жауып, жалақыны уақтылы төлеп отырмыз»,– деді.
Жылыжайда қазір жұмыс қауырт. Жұмыс күші жетіспейтіндіктен, дайын көшеттерді қатарлап отырғызып, байлауға үлгермей жатыр. «Бейнет түбі – зейнет» деген бар ғой. Кез келген жұмыстың қиындығы болады. Шыдамдылық керек. Кейбіреулер ақша тапқысы келеді, бірақ жұмыстан қашады. Маған өзімнің жұмысым ұнайды. 45-50 мың теңге көлемінде жалақы аламын. Еңбегіңнің ақысы істеген жұмысыңа қарай болады. Еңбексіз ештеңеге қол жеткізбейсің»,– дейді осында 8 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Раушан Бескенова.
Барлығы жоспарға сай жүрсе, қазанның ортасында өнім жинауға болады. 18-20 тонна қияр алу көзделіп отыр. Тек жұмысшы керек, жұмыс істеу керек. Жұмыссыздардың құлағына алтын сырға.

Бас редактор

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз