ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР

0
693

   2 қыркүйекте Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Үшінші дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталған болатын. Күллі әлем жұртының назарын өзіне аударған айтулы додаға 2 мыңнан астам спортшы қатысуда.
Көшпенділердің тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін тарихи қойылыммен ерекшеленген дүбірлі доданың ашылу салтанатына арнайы шақыртумен Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында Түркия президенті және Мажарстанның премьер-министрі бар. Көшпенділер ойындарына Орталық Азия мемлекеттерінен бөлек Франция, Шри-Ланка сынды елдер де қатысып жатыр.
Ұлттық ойындар арқылы көшпенділердің адамзат өр-кениетіндегі рөлі мен үлесін танытуды мақсат еткен ауқымды шараға қызығушылық артып келеді. Алғашқы жарысқа 600 спортшы қатысса, биыл олардың саны 4 еседен артып отыр.
Қырғызстанның Кырчын шатқалы дала төсін ат тұяғымен дүбірлеткен баяғы көш-пенділердің өмірімен қайта қауышқандай. Мұнда тігілген киіз үйлердің өзі мыңнан асады. Жарысқа қатысып жатқан спортшылардың басым көбін қырғыз командалары құрайды. Яғни, 500-ге жуық сайыскер 37 ойын түрінен сайысқа түсуде. Қазақстан құрама командасының сапында 134 спортшы ел намысын қорғауда. Адам саны бойынша еліміз Ресейден кейін үшінші орында. Қазақстандық спортшылар Мұратхан Берікбол (68 кг) мен Мақсат Жандильдаев (81 кг) тәжіктің ұлттық спорты «Гуштини милли камарбанди» атты белбеу күресінен қола жүлдені жеңіп алып, ел қоржынына алғашқы медальдарды салды.
5 қыркүйекте біздің ойыншылар 9 алтын 9 күміс, 14 қола, жиыны 32 медаль иеленіп 3-орынға табан тіреді.Сондай-ақ, осы күні біздің көк-паршыларымыз алаңға шығып, алғашқы кездесуде Ресейдің Красноярск өлкесінің командасын 15-3 есебімен жеңсе, екінші кездесуде АҚШ құрамасын 20-9 есібімен ойсырата ұтты.
Жарыс 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Ұлттық ойындардың 40-қа тарта түрінен мықтылар сарапқа салынатын жарыстың жүлде қоры –
26 млн сом. Бұл – шамамен 130 млн теңге.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз