МЕШІТТЕ ӨТКЕН СПОРТТЫҚ ЖАРЫС

0
718

   Өткен жұмада қалалық Керімбек би мешітінде қол күресінен және гір тасын көтеруден жарыс ұйымдастырылды.
Қалалық дін істері инспекторы мен денешынықтыру және спорт бөлімі бірлесіп өткізген жарыстың мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын дәріптеу, уақытты пайдалы, тиімді меңгере білуге дағдыландыру. Осы жайында мешіттің бас имамы Аман Медетбеков:
«Әдетте адамдар мешітті тек діни жоралғылар өтелетін, құран оқылып, уағыз айтылатан орын деп түсінеді. Шындығында, сол уағыздарда ізгі де көркем мінез, адамгершілік қасиеттер дәріптеледі. Діни ұстанымдарымыздың, амал-әрекеттеріміздің барлығы адамдардың жақсы мінез-құлықты, сонымен бірге, мықты денсаулықты қалыптастыруына бағытталған. Айталық, намаз оқу пенденің Аллаға деген адалдығын беріктеумен бірге денсаулығын да шыңдайды. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Әлсіз мұсылманға қарағанда күшті мұсылман әлдеқайда жақсырақ» деп денсаулықты баптап күшейтудің абзалдылығын меңзеген. Мұсылмандар арасында ат бәйгесі, күрес, суда жүзу секілді спорт түрлері ертеден-ақ кең өріс алған», – деп мешіттегі өмір әрбір мұсылманның күнделікті тыныс-тіршілігімен байланысты екенін еске салды.
Көпшілік жарысқа қызығушылықпен қатысты. Қол күресінен және гір тасын көтеруден Рустам Жақыпбеков алдына жан салмады. Қол күресінен 2-орынды Қадіржан Сәрсенбаев, 3-орынды Дәулет Қарақыз иеленсе, гір тасын көтеруден 2-орынды Бауыржан Құттымбетов, 3-орынды Қалқаман Ершатұлы еншілеп, грамота, сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз