«Анаға апарар жол»

0
97

Ақан Сатаев, тарихи драма, 2016 ж.
«Анаға апарар жол» картинасының негізгі сюжеті ана махаббатының қуатты күшінен бастау алады. Осынау құдіретті күштің арқасында кейіпкер үйіне барар жолда кездескен ауыр қиыншылықтарды жеңіп шығады. Оқиғаның негізгі желісі қазақ халқының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар. Картинаның басты кейіпкері Ілияс ерекше рухты, ерлік пен отансүйгіштік және керемет қайсар мінез көрсетеді. Тағдырдың ауыр соққыларымен бетпе-бет келеді: балалар үйі, сұрапыл соғыс, тұтқынға түсу, жазасын өтеушілер лагеріне тап болады. Осынау ауыртпалықтарды еңсеруге оған анамен жүздесу мақсаты күш береді. Фильм өмірлік құндылықтардың мәні мен тіршіліктегі құбылыстарға өзгеше көзқараспен қарауға жол сілтейді.
Өндіріс: ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Новый мир» Продакшн» ЖШС бірге
Шыққан жылы: 2016
• Режиссері: Ақан Сатаев
• Сценарий авторы: Тимур Жақсылықов
• Қоюшы-оператор: Хасан Қыдыралиев
• Қоюшы-суретші: Назира Байбекова, Лариса Решетова
• Композиторы: Алим Заиров
• Костюм дизайнері: Әсел Шалабаева
Рөлдерде:
• Әділ Ахметов,
• Аружан Жазылбекова,
• Еркебұлан Даиров,
• Алтынай Ногербе,
• Берік Айтжанов,
• Болат Әбділманов.

Фильмнің толық нұсқасы:
http://www.zheruiyq.kz/archives/5140

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз