ТАПҚЫРЛЫҚ ПЕН ҚЫРАҒЫЛЫҚ

0
91

     Жақында Балалар мен жасөспірімдерге арналған туризм және өлкетану орталығының түрлі үйірме қатысушыларының арасында «Мемлекеттік рәміздерге саяхат» тақырыбында спорттық бағдарланудан жарыс өтті.
Еліміздің айшықты нышаны мемлекеттік рәміздеріміз туралы ақпарат берген орталық жаттықтырушылары сұрақ-жауап арқылы балалардың танымын арттырды. Жарыс жас ерекшелігіне қарай 1999-2001, 2002-2004, 2005-2007 жылы туған балалар арасында 3 топқа бөлініп өтті. Барлығы 34 бала берілген бағдар бойынша картадағы бақылау нүктелерін қысқа уақыт ішінде анықтау керек болды. Тапсырманы орындауда тапқырлық танытып, қырағылық көрсеткен Е.Дейнека, К.Сырлыбаева, Ш.Галиулин, Е.Юзефович, Қ.Мәдениет, К.Грачев, Г.Балаевтар грамотамен марапатталды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз