Желаяқтар жарады

0
728

   Жақында Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан 2001-2002 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа 14 облыстан 370-ке жуық спортшы қатысты.
Қаламыздағы олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің шәкірттері қатысып, ерік-жігер мен шеберліктерін танытып үздік көрсеткіштермен қала мерейін тасытты. Нақтырақ айтсақ, Елнұр Абылайұлы мен Дмитрий Шмыга Алматы облысы құрамында өнер көрсетіп, 4×400 қашықтыққа эстафеталық жүгіруден жүлделі 1-орыннан көрінді.
Спортшылар жеке біріншілікте жоғары нәтиже көрсетті. Е.Абылайұлы (№4 орта мектебі) 1500 метрге жүгіруден 2-орын, Д.Шмыга (Текелі кәсіптік колледжі) 800 метрде 2-орын иеленді.
Саңлақтардың биіктен көрінуіне жағдай жасап, жеңіл атлетиканың қырсырын ұғындыруда ОРМБЖМ жаттықтырушылары Рустам Байзақов және Григорий Володиннің еңбектері зор. Жүлдегерлер медаль және дипломмен марапатталды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз