Мемлекеттік рәміздерге арналды

0
107

    Балалар мен жасөспірімдерге арналған туристік және өлкетану орталығы мен қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен қала мектептері мұғалімдерінің арасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты қалалық бірінші туристік слет өтті.
Ұлттық нақыштарымызды қастерлеуге баулыған шараға қаланың 7 мектебінен 30 адам қатысып, екі кезең бойынша бақ сынасты. Туристік слеттің тәртібіне сәйкес қатысушылар табиғат аясында демалып қана қоймай, кросс-жорық, әртүрлі өзен арналарын бағындыру, өзенде қайықпен жүзу, алғашқы медициналық көмек көрсету, жартасқа өрмелеп және түсетін ширақтық пен шапшаңдық сындарынан сүрінбей өтуге тырысты. Барлық команда біріненбірі қалыспай, межелеген жерден жүгіріп те, секіріп те өтіп жатты. Осыдан кейін қатысушылар жартасқа өрмелеп, аспалы арқан арқылы келесі жағаға өтіп, дайын арқанмен төмен түсті.
Қорытындыда, №1 ОМ командасы үздік деп танылып арнайы кубокқа ие болды. Ал, №5 ОМ командасы 2-орын, №6 ОМ командасы 3-орын иеленді. Барлық жүлдегерлер медаль және дипломмен марапатталды.
Туған жердің тылсым табиғатына тамсанып, бір сәтке интернет әлемінен босаған мұғалімдер спорттық туризммен тұрақты айналысуды әдетке айналдыру керектігін айтты.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз