Мақсаты бірдің – рухы бір

0
98

   Өткен сенбіде Балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығының ұйымдастыруымен орталық саябақта мектеп оқушылары арасында өткен «Мақсаты бірдің – рухы бір» атты туристік-өлкетану фестивалі қызыққа толы болды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу, спорттық шеберлікті жетілдіру мақсатын көздеген шараға белсенді, спортты жаны сүйетін 40-қа жуық оқушы қатысты. Фестивальдің тамаша өтуі үшін көтеріңкі көңіл-күйдің болуы маңызды екенін басшылыққа алған жаттықтырушылар алдымен дене қыздыратын жаттығуларға кірісті. Жаттығу аяқталысымен спорттық шаралар басталды. Кедергілер жолағынан өту, әртүрлі объектілерге арналған азимутты анықтау, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, туризмде қолданылатын байламдар кезеңдерінде қатысушылар өз қарым-қабілеттерін танытты. Қорытындыда, барлық бөлімде жоғары нәтиже көрсеткен Қасиди Мәдениет үздік ойыншы деп танылды. Ойын барысында жақсы көрсеткішке қол жеткізген Нұрлыбек Секман, Ангелина Усик, Артем Матковский, Милана Анисимова, Маржан Жұманазар және Дәулет Болатхановтар грамоталармен марапатталды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз