СҮТ ӨҢДЕУ ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

0
605

  Қаламызда бірқатар кешенді жобаларды жүзеге асырып келе жатқан «Алма-Дария» шаруа қожалығы осы аптада жаңа сүт өңдеу цехын іске қосып, таза әрі сапалы сүт өнімін шығара бастады.
Цехтың ашылу салтанатына қала әкімі Бахтияр Өнербаев қатысып, өндіріс өнімдерінің үлкен сұранысқа ие болуына тілектестік білдірді. Ресейден әкелінген автоматтандырылған қондырғылардың көмегімен бүгінде майлылығы 2,5% 200 л сүт өңделіп, «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қамтамасыз етіп отыр. Алдағы уақытта өнімді бір ауысымда 500 литрге жеткізу жоспарланған. Өнім көлемін тәулігіне 1500 литрге дейін ұлғайтуға болады. Атап өтерлігі, ақылды қондырғылар адам күшін көп қажет етпейді.
Шамиль Құрманов, «Алма-Дария» шаруа қожалығының басшысы:
– «Біз 100% таза өніммен ғана жұмыс жасаймыз, ешқандай қоспа жоқ. Дұрыс тамақтану, салауатты ұлт қағидасын берік ұстанамыз. Сүтті әзірге текелілік «Таджибаев» шаруа қожалығынан алып отырмыз. Болашақта мал ұстайтын орын әзірлеп, сауын сиырды 900 басқа дейін жеткізбекпіз. Биыл мал азығы базасын саламыз. Әзірге цехта 3 адам жұмыспен қамтылған, болашақта олардың санын арттыру жоспарда. Ешкі сүті ем дегендей, күзге салым ешкі сүтін де өңдеп халыққа ұсынатын боламыз», – деді.
Сүт өңдеу цехының басшысы Камиля Акежанова жұмыс тәсілімен қысқаша таныстырды: – «Қабылданған сүт арнайы металл күбіге жиналып, зертханашының сараптамасынан өтіп, тазалығы мен сапасы анықталады. Тексерілген сүт белгілі температурамен өңделіп, майлылығы нақтыланған дайын сүт полиэтилен қалталарға құйылады».
Қазақ халқы ықылым заманнан сүтті өмірдің нәрі, шырыны деп ерекше бағалаған. Дастарқанынан айран мен құрт-ірімшігі үзілмейтін елімізде отандық өнімді дамытуға ден қойылған.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз