ОЙ ЖҮЙЕСІ ОЙЫНДА

0
545

   12-15 сәуір күндері Талғар қаласында 9-11 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан Алматы облысының чемпионаты өтті.
Облысқа қарасты аудан, қалалардан 112 ойыншы тоғызқұмалақтың шапшаң және классикалық ойын түрлері бойынша сынасты. ОРМБЖМ тоғызқұмалақтан жаттық-тырушысы Жетпісбек Көксегеннің шәкірттері 11 жастағы ойыншылар арасында ұлдардан Талдықорған қалалық №4 ОМ оқушысы Сандыбат Сахараұлы, қыздардан Текелі қалалық №4 ОМ оқушысы Аружан Сәлмен ойынның 2 түрінен де чемпион атанды. №5 ОМ оқушысы Нұрғали Игілік 3-орын, №5 ОМ оқушысы Әмина Нұралтайқызы үздік ойыншы атанды.
Сандыбат, Аружан және Нұрғали Ақтөбе қаласында өтетін тоғызқұмалақтан республикалық чемпионатқа жолдама алды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз