Қоржында қос алтын, бір күміс

0
675

  6-8 сәуір аралығында Арменияның астанасы Ереван қаласында шинкиокушинкай каратеден өткен Еуропаның ашық чемпионатында жаттықтырушы Рафаэль Раймановтың шәкірттері ел абыройын тағы бір мәрте асқақтатты.
Баланың шынығып, шымыр болуына әсер ететін каратенің бір тармағы – шинкиокушинкай карате. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында ғана пайда болған жас спорт түрі бүгінде әлемнің 120-дан астам еліне тараған.
Әлемнің 25 елінен жиналған спортшылардың татами төріндегі жекпе-жегі тартысқа толы болды. Он жастан асқан барлығы 600-ге жуық спортшы намысты қолдан бер-
мей тырысып бақты. №4 орта мектебінің оқушысы Данелия Акатаева мен №5 орта мектебінің оқушысы Нұрлан Қапас алтын, №4 орта мектебінің шәкірті Елена Дубровина күміс медаль иеленді. Текеліліктер қаланың кіреберісінде каратешілерді қарсы алып, жемісті жетістіктерімен құттықтады.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз