ПАУЭРЛИФТИНГ ПАЛУАНДАРЫ ТЕКЕЛІДЕ

0
493
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

    Осы аптада Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде ардагерлер, барлық жастағы ерлер мен әйелдер арасында классикалық және экипировты пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
Чемпионаттың ашылу салтанатында халықаралық дәрежедегі төреші Игорь Шилов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ақтөбе облысының пауэрлифтингтен бас жаттықтырушысы Сергей Ведюшкин, Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Бауыржан Тұғылбаев спортшыларды чемпионаттың басталуымен құттықтап, жеңісті жетістіктер тіледі.
9 сәуірге дейін жалғасатын жарыс 3 түрлі жас санаты, 6 салмақ бойынша өтеді. Оған еліміздің жер-жерінен 14 команда, 650-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз