АШЫҚ ҚОҒАМ АЙНАСЫ

0
542

ТЕКЕЛІ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП
Текелі қалалық Қоғамдық кеңесі 2017 жылы барлығы 11 отырыс өткізді.
Көрсетілген кезеңде: Текелі қаласы әкімінің, «2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК директорының, 2016 жылғы Текелі қаласы бюджетінің атқарылуы туралы «Текелі қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының, ыстық су мен жылыту тарификациялары мәселесі бойынша «Текелі энергокомплексі» ЖШС директорының, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының және өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының орындалуы мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» ММ және «Текелі Су құбыры» ШЖҚ МКК, «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту» және «Балапан» мемлекеттік бағдарламаларының орындалуы мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы және ҰБТ-ға дайындық туралы «Текелі қаласының білім бөлімі» ММ, бюджеттік бағдарламалардың орындалуы және нысаналы индикаторларға қол жеткізу мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Нұрлы жер» мем-лекеттік бағдарламасының орындалуы мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қаласының құрылыс бөлімі» ММ және «Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ есептері тыңдалды.
Есептерді тыңдау қорытындысы бойынша мемлекеттік мекеме, кәсіпорын басшыларының есептері қанағаттанарлық деп танылды. Бірқатар ұсынымдар айтылды және бюджетті қалыптастыру кезінде Қоғамдық кеңестің пікірін есепке алу туралы ұсыныс енгізілді.
Қоғамдық тыңдауда азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің 18 жобасы талқыланды, соның ішінде: Алматы облыстық мәслихатының шешім жобасы – 1, Текелі қалалық мәслихатының шешім жобасы – 13, Текелі қаласы әкімдігі қаулысының жобасы – 4.
Талқылау қорытындысы бойынша Текелі қалалық Қоғамдық кеңесімен мемлекетік мекемелерге оң ұсынымдар берілді.
Текелі қаласының Қоғамдық кеңесі туралы толық мәліметтерді
Текелі қалалық мәслихатының maslikhat.tekeli.gov.kz ресми сайтынан алуға болады.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз