ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ

0
121

   Салық Кодексінің 363-бабына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларацияны мынадай резидент-салық төлеушілер тапсырады:
— Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден кірістер алған жеке тұлғалар; — есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетел банктеріндегі банктік шоттарында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық-тық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде, Қазақстан Республикасынан тысқары орналасқан шетел банкілерінде ақшасы бар (сомасы 12 АЕК асатын, 2017 жылы 293508 теңге) жеке тұлғалар есепті кезеңнің 31 желтоқсанына жеке табыс салығы бойынша декларация толтырады.
Ресейде оқып жатқан Қазақстан Республикасы студент-резиденттерінің шәкіртақысына қатысты декларациялау мәселесіне тоқталсақ, бұл шәкіртақыны Ресейдің жоғарғы оқу орындары төлейтіндіктен, бұл Қазақстан Республикасынан тысқары жатқан төлем көздерден түсетіндіктен, ол жеке тұлғаның табысына жатады.Соған байланысты Қазақстан Республикасы салық заңдылықтарында көзделген мерзімге жеке табыс салығы бойынша салықтық міндеттер туындайды.
Қазақстан Республикасы салық заңдылықтарында көзделген мерзімге жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін уақтысында өткіз-беген жеке тұлғаларды ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 272-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.
Жеке тұлғаның ҚР тысқары жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасының болуы туралы Қазақстан Республикасының салық заң-намасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтерді жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетпеу жолымен жасыруы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 275-бабына сәйкес айыппұл салуға әкеліп соғады.
Салық кодексінің 363-бабында жеке табыс салығы бойынша декларация өткізуші тұлғалар үшін толық тізілім көрсетілген.
Салық Кодексінің 208-бабы бойынша салықтық есептілік тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:
1) келу тәртібімен – қағаз жеткізгіште, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы (қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті қоспағанда);
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – қағаз жеткізгіште;
3) ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда ұсынылады.
Туындаған мәселелер бойынша 8(72835)4-35-43 телефоны арқылы хабарласуға немесе Текелі қаласы бойынша МКБ Алматы облысы, Текелі қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 10-үйге келуге болады.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз