Мектеп лигасы – мықтылар сыналар сәт

0
511
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

  2017-2018 оқу жылында оқушылар арасында өткізілетін мектеп лигасының салтанатты ашылуына арналған «Мен – чемпион» көңілді старт ойындарына мектеп командалары белсенділікпен қатысты.
  Қалалық білім бөлімі мен денешынықтыру және спорт бөлімі бірлесіп ұйымдастырған салтанатты шара №1 орта мектебінің спорт залында өтті.
Қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б.Тұғылбаев денешынықтыру пәні мұғалімдерін, оқушыларды мектеп лигасының басталуымен құттықтап, мектептегі дене тәрбиесінің жас ұрпақты спортқа, салауатты өмір салтына бастау, талантты спортшыларды танып, олардың бойындағы спорттық дарынды жетілдірудегі рөліне тоқталды, сондай-ақ, командаларға жеңісті жетістіктер тіледі.
6-8 сынып оқушыларынан жасақталған командалар арасындағы тартысты да қызықты өткен жарыста кіл мықтыларды анықтау оңай болған жоқ. Себебі, барлық команда сайысқа тыңғылықты дайындықпен келген. Олар 5 сынақтан өтті. Қорытындыда №5 орта мектебінің «Арлан» командасы жеңімпаз атанды. 2-орынды №1 орта мектебінің «Қыран», 3-орынды №4 орта мектебінің «Позитив» командасы иеленді. Жүлдегерлер арнайы кубоктармен, грамоталармен марапатталды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз