ДОСТЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ТУРНИР

0
88

  Текелі қалалық ОРМБЖМ-да талантты боксшы Естай Арғынбаевты еске алуға арналған бокстан ашық турнир өтті. Оған облысымызға қарасты аудан, қалалардан 130-дан астам спортшы келді.
2002-2003, 2004-2005 және 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен жарыстың ашылу салтанатында ардагер жаттықтырушы, қаламыздың Құрметті азаматы Т.Омарұлы Естайдың спортқа, соның ішінде боксқа қызығушылығы, табанды еңбегі, жеткен жетістіктері жайында айтып, жас спортшыларды достықты қадірлеуге шақырды.
Үш күнге жалғасқан жарысқа ОРМБЖМ бокстан жаттықтырушылары С.Туғанбеков пен Ә.Толымбековтің шәкірттерінен 44 спортшы қатысып, олардың 27-сі жүлделі орындарды иеленді әрі командалық есепте 1-орыннан көрінді. Аталымдар бойынша Дарын Құлжабаев «Үздік боксшы» атанды. Жарысқа қалалық бокс және футбол федерациясының президенті Е.Дүйсебаев, қалалық жастар ресурстық орталығы демеушілік көрсетті.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз