Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу

Егер сіз жұмыссыз қалған болсаңыз, ең алдымен жұмыссыз ретінде тіркелгеніңіз жөн. Ал біз сізге тіркелудің оңай да онлайн жолын бүгінгі #oqy&toqy айдарында айтып береміз.
 Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу

Egov.kz порталына кіріңіз

Іздеу жолы арқылы «Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу» қызметін табыңыз

Қызметті онлайн сұратыңыз

Өзіңіз жайлы мәліметтерді толықтай толтырыңыз

Қажетті бөлімді таңдап, мекенжайыңызды растаңыз

Екінші қадамда жұмыссыз қалғаныңыз, біліміңіз және жұмыс өтіліңіз туралы деректерді толтырыңыз

Үшінші қадамға өтіп, өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз

Өтініш статусын жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан бақылап отырыңыз.

 
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.