Әр өңірден бір депутат

​Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Әр өңірден бір депутат

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің мәлімдеуінше, үміткерлерді ұсыну үшін 16 күн уақыт берілді. Саяси партия мен өзге де қоғамдық бірлестіктер өздерінің мәслихаттардағы өкілдері арқылы Парламент Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынады және өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүргізіледі. Еліміздің 20 өңірінен бір-бір депутат сайланады. Үміткерлер қажетті құжатты өткізіп, жарнасы төленгеннен кейін тіркеледі.

ОСК төрағасының орынбасары К.Петров қазіргі таңда сайлау жарнасы 900 мың теңгені құрайтынын айтты. «Бұл конституциялық заңда 15 ең төменгі айлық мөлшерінде айқындалған жарнаға сай келеді. Қазіргі уақытта ең төменгі айлық 60 мың теңгені құрайды. Сайлау алдындағы үгіт 19 күнге созылады. Яғни, үгіт жұмыстары 24 желтоқсан күні сағат 18.00-ден 2023 жылдың 13 қаңтар күні сағат 00.00-ге дейін жүргізіледі», – деді ол.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.