«Рухани жаңғыру»: 4 жылдың нәтижесі

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы сәуір айында «Егемен Қазақстан» газетінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. Елбасының мақаласы қоғамның дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болды.
 «Рухани жаңғыру»: 4 жылдың нәтижесі

Рухани жаңғыру – тарлан тарихымыздың, жасампаздықтың бүгіні мен жарқын болашағының көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Бір сөзбен айтқанда ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін бірден бір жол. Бүгінде осы тарихи бастамаға 4 жыл. Осы уақыт ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы елдегі негізгі идеологиялық құжатқа айналды деуге болады. Осы ретте жобаның 4 жылдығы аясында ішкі саясат бөлімі арнайы конференция ұйымдастырды. Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты аталған шара онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Жиында «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Шоханова, №1 орта мектебінің директоры Г.Қойгелдиева, Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының директоры С. Жаңбырбаев, Балалар шығармашылық орталығының директоры С. Бейспекова, қалалық Мәдениет үйінің директоры, Алматы облыстық мәслихатының депутаты К. Нестеров, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының директоры А. Қалысбаева баяндамаларын оқып, ой бөлісті. Онлайн конференцияға білім мекемелері, азаматтық қоғам өкілдері, жастар қосылды.

 Бұған қоса «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда жоғары азаматтық белсенділік танытып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға қосқан зор үлестері үшін қалалық кітапхана ұжымы, Балалар шығармашылық орталығы, №4, №5 және №6 орта мектебі, Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы Текелі қаласының әкімі орынбасарының грамотасымен марапатталды.

Н.Шоханова, ішкі саясат бөлімінің басшысы

Қоғамның санасын жаңғырту – ұлттық мүдде

2017 жылы 12 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назар-баевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында бастау алған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша барлығы 525 іс-шара, 21 жоба жүзеге асырылған.

«Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» 4 кіші бағдарламасы және «Туған жер», «Қазақстанның сакралды географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім», «Қазақ тілінің латын графикасына көшуі» 6 арнайы жобасының негізінде қала аумағында ұйымдастырылған шаралардың мақсаты жалпы-қазақстандық руханиятымызды, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, әсіресе, жастардың бойында елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталды. Туған жерді түлетуге үлес қосу, азаматтық ұстанымды жоғарылату, оның ішінде, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, кәсіпкерлерді қайырымдылық шараларына кеңінен тарту бағытында да бірқатар жұмыстар жүргізілді. «Туған жер», «Атамекен» жобасымен 209 млн 407 мың теңге көлемінде аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, қаланы абаттандыру, мүмкіндігі ерекше жандарға қамқорлық сынды ізгі істерге қайырымдылық жасалды.

2018 жылы «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласының негізінде бағдарламаға қосылған «Ауыл – ел бесігі», «Архив-2025», «Ұлы Даланың ұлы есімдері»,«Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телеви-зиядағы көрінісі» арнайы жобалары аясында қазақы салт-дәстүрді насихаттау, атқа міну мәдениетін, ұлтымыздың ұлық тұлғаларының еңбектерін кеңінен дәріптеу аясында «Ұлы Дала дәстүрі – қымыз-мұрындық», «Ұлы Даланың ұлы тұлғалары» ақпараттық-танымдық шаралары өткізілді.

Биыл «Рухани жаңғыру» бағдар-ламасы жаңа бағыттармен, жаңа жобалармен толығып отыр. Ұзақ-мерзімді бағдарламаны кезең-кезеңмен іске асыру өз жалғасын таба береді. Бір айта кетерлігі, жаңа жобалар аясында біздің ұлттық ерекшеліктерімізге ерекше мән берілуі тиіс. Мысалы, «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында «Әжемнің ертегілері», яғни, қазақ халық ертегілерін онлайн, аудио ретінде тарату қолға алынатын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында айтылған «Тарихи тұлғалар» жобасымен тәуелсіз Қазақ Елінің, қаламыздың қалыптасуына еңбек сіңірген азаматтармен онлайн-кездесулер, БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы насихатталады.

Біз жаңа дәуірде, жаңа заманда өмір сүріп жатырмыз. Өмірдің өзінің өзгеруі заңдылық екенін де қабылдап үйрендік. Бүгінгі күннің талабы да күн өткен сайын күрделеніп, жаңа тұрпатта іс-қимыл әрекет етуімізді қа-жет етеді. Қоғамдық сананы жаңғырту, рухани кемелділік бағ-дарламасының негізгі мақсаты да сол заман ағымы мен ағысына мейлінше бейімделіп, шапшаң, тез өзгеруіміз болып табылады. Рухани жаңғыру – ұлттық бірегейлігімізді жаңаша дамытып, ой-санамызды сілкінтетін стратегиялық бағдарлама. Сон-дықтан, бей-жайлылықты ысырып, белсенді, креативті болуымыз қажет. Тың идеялармен толыққан саналы, сапалы іс-шаралар ұйымдастыруға көшкен жөн. Қалыптасқан жағдай да, індеттің күн сайын өршуі де көп ісімізге кедергі келтіріп отырғаны шындық. Дегенмен, бұдан да қиын заманды еңсерген халықтың, ұлттың ұрпағымыз. Алаш арыстары сондай қиын-қыстау кезеңде де «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» дегенді батыл айтқан, батылдықпен іс қылған, әрекет еткен. Біздің сол рухы биік, өршіл ата-бабаның ізін жалғауымыз, ұрпағымызды сол ізгі ниетте тәрбиелеуіміз – өзімізге аманат. Батырлар жырын, эпостық-лирикалық жырларды оқып-жаттап, жадына тоқып, қазақтың төл мәдениеті мен әдебиетімен сусындап, ұлттық салт-дәстүрді санасына сіңіріп өскен ұл-қызымыз парасатты, зейіні мен рухани болмысы мықты болары анық.

 

А.Қалысбаева, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының директоры

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру – заман талабы

2017 жылғы 12 сәуір тарихқа рухани тәуелсіздік бағдарламасы жарияланған күн ретінде енді. Бұл – болашағымызды айқындап берген, ұлттық жаңғыруға бастаған бағдарлама.

Осы бастама негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру» арнайы жобасы аясында «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қалалық филиалында 2017 жылдан бері 5 дөңгелек үстел, 8 тәрбие сағаты, 1 мерекелік байқау, 2 пікір сайыс, 2 шығарма байқауы, 2 қалалық семинар, 1 жалпыұлттық диктант, 2 қалалық диктант, 2 қала-лық эссе жазу байқауы, 3 ашық сабақ ұйымдастырылды. 2019 жылдың тамыз айынан бастап, «Латын әліпбиінің емле ережелерін меңгеру» курсы ашылып, аталған курс бойынша 113 тыңдаушы дәріс алып, курсты аяқтағандықтары туралы анықтама алды.

Үстіміздегі жылдың ақпан  айында қалалық білім мекемелерінің тіл мамандарының қатысуымен 70 маманға жетілдірілген әліпби бойынша ZOOM платформасында сынама сабақ өткіздік.

 

Г.Қойгелдиева, №1 орта мектебінің директоры

Ел болашағы – ұлттық тәрбие негізі

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев жария-лаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалада қоғамдық сананы жаңғыр-тудың нақты бағыттары айқындалған, онда қазақстандық қоғамның дамуының бірегей беталысы көрініс тапқан.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында  жоспар құрылып,мектептерде жұмыстар атқарылуда. №8 орта мектепте «Ашық жүрек» мүмкіндігі шектеулі балалар фестивалі өткізіліп келеді. №1 орта мектебінің кітапханасында «Ұлы даланың жеті қыры» атты көрме ұйымдастырылды. №5 орта мектебінде «Өнерімді еліме арнаймын» атты онлайн әдеби-сазды кеш өтті. «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы бойынша еліміздің тарихи тұлғаларын дәріптеу кітап көрмелері, әдеби кештер, бірыңғай сынып сағат-тары өткізілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын таба бермек. 

 

С.Бейспекова, балалар шығармашылық орталығының директоры

Қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды.

Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш.

Кез – келген елдің бірлігі мен өркендеуі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды сақтағанда ғана мығым болмақ. Балалар шығармашылық орта-лығында 820 оқушы білім алады. Орталықта еңбек ететін 29 оқыту-шының жетеуі жоғары санатты оқытушылар. Оқушыларымыз соңғы жылдары халықаралық 60 жүлделі орын, республикалық 45 диплом, облыстық 25 жүлделі орынды жеңіп алды. Балалар шығармашылық орталығының мақсаты баланың бойына мейірімділік, адамгершілік, әдеп-тілік сынды қасиеттерді сіңіру.

 

С.Жаңбырбаев, балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының директоры

Қазақстанның рухани киелі жерлері

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен еліміздің жаңа руханияты басталды.

Бағдарлама аясында туған өлке тарихы мен өскелең буынды таныстыру мақсатында туристік жорықтар, экскурсиялар өткізіліп келеді.

Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы атап айтқанда,  «Ұлы Даланың жеті қыры» атты жартасқа өрмелеуден қалалық чемпионат, «Өз жеріңді танып біл!» спорттық туризм бойынша қалалық байқау, «Ұлы дала Ұландары» атты туристік көпсайыстан қалалық чемпионат, «Туған өлке тарихы» атты туристік жорықтар мен экскурсиялар, «Қазақстан-достықтың киелі мекені» фестивалі, «Ұлы дала тарихы» атты қалалық туристер-өлкетанушылар слеті, Қазақстанның рухани киелі жерлері бойынша Тамшы-Бұлак, Ақын Сара мұражайына экскурсия және Қора шатқалына жорықтар ұйымдастырды. Мектеп оқушылары арасында эколог-өлкетанушылар форумы өткізілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының отаншылдық пен туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруда маңызы өте зор.

 

К.Нестеров, қалалық Мәдениет үйінің директоры

Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» бөлімі шеңберінде қалалық Мәдениет үйі жоспарға сәйкес жұмыстар атқарып келеді.

4 жыл ішінде ұлттық өнерді дәріптейтін «Dombra Party», республикалық «Алтын шаһар» фестивальдары, қалалық «Денсаулық фестивалі» акциясы сынды шаралар өткізілді. Сондай-ақ қалалық Мәдениет үйі ұжымы Нұр-Сұлтан қаласында өткен републикалық «Рухани қазына-2019» байқауына қатысты. Бағдарлама аясында өткізілген шаралар қалалық спорт бөлімі, орталық кітапхана, балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы, білім бөлімімен бірлесіп атқарылды.

Баршамызға белгілі 2020 жыл  әл-Фарабидың 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Ата заңымыздың 25 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Осыған орай өткен жылы түрлі форматта байқаулар ұйымдастырылды.

Қазіргі елімізде орын алған жағдайға байланысты барлық іс-шара онлайн түрде өткізілуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Бетті дайындаған Гауһар Мұса

 

 

 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.