«Тұмаршасы» бар үйірме «Құрақ өнері» шеберлік сағаты

Балалар шығармашылығы орталығында «Құрақ өнері» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
«Тұмаршасы» бар үйірме «Құрақ өнері» шеберлік сағаты

 

Шара «Рухани жаңғы-ру» бағдарламасы аясында онлайн форматта өтті.

Орталықта қолөнер сыныбы жұмыс істейді. Аталған үйірмеге 15-ке жуық қыз қатысады. Бұрымдылар құрақтың түр-түрін үйреніп, төр көрпе, кесте, ши тоқу сынды ұлттық бұйымдарды өздері дайындайды.  «Мақсат – ұлттық құн-дылықтарды дәріптеп, қыздарды өнерге баулу» дейді көркем сурет бөлімінің мұғалімі Анар Ақылбекова.

– Бүгінгі шараның мақ-саты бұрыннан келе жат-қан әжелеріміздің ісін жалғастырып, ұлттық өнерімізді дамыту. Қазақ халқының ертеден бүгінге дейін өшпей жеткен қолөнерінің бірі – құрақ құрау. Әрбір құрақтың, ою-өрнектің, әрбір түстің мағынасын, маңызын оқушылармызға айтып, түсіндіреміз.

Үйірме кабинетіне кірген бетте құдды бір көне көрмеге кіргендей әсер алуға болады. Түрлі-түсті құрақтан жасалған төр көрпелер, қабырғада ілінген картиналар, арнайы құрастырылған композициялардың бәрі көздің жауын алады. Шара ұйымдастырушы-ларының айтуынша, шеберлік сыныбына 20-ға жуық туынды қойыл-ған. Солардың бірі төрге ілінген «Тұмарша». Ұлттық бұйым көрген адамының назарын өзіне аудартпай қоймайды. Қолөнер шеберінің айтуынша, жарты жыл уақыт ішінде жасалған. Бұған қоса республикалық «Өнерлі жас ұрпақ»  байқауында бас жүлдеге ие болған құрақтан жасалған «Тауыс бейне-сі» туындысын да осы жерден көруге болады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.