«Жетісу-оқырмандар мекені» жобасы таныстырылды

«Білімдінің күні жарық». Аталы сөздің ұрпаққа артқан жүгі ауыр. Бұл ғасырда ақылы асқандар ғана Сұлтанмахмұд Торайғыровша айтқанда, қараңғылықтың көгіне өрмелеп шығып күн болады.
«Жетісу-оқырмандар мекені» жобасы таныстырылды

Қазіргі заманауи қоғамда ақпараттық және цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында дәстүрлі рухани құндылықтардың жандануы ерекше мәнге ие болуда. Сондықтан, Қазақстанда әсіресе, жас ұрпақтың арасында оқырман қоғамын қалыптастыруға басымдық берілуде.

Осы бағытта «Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі» ЖШС бірегей жобаны жүзеге асырды.
«Жетісу-оқырмандар мекені» деген атауды арқау еткен жұмыстың мақсаты- тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталған.
 «Автомат сенсорлық экранмен жабдықталған және қатысушыларға Тәуелсіз Қазақстанның тарихына, мәдениетіне, географиясына байланысты танымдық сипаттағы сұрақтар қоятын бірегей бағдарламалық жасақтама орнатылған. Ұсынылған сұрақтарға дұрыс жауап берген кезде вендинг-аппарат автоматты түрде алдын-ала таңдалған кітапты шығарады.  Ойынды бастамас бұрын, құрылғыда бар әдебиеттер тізімін білуге мүмкіндіктер жасалған»,-дейді жоба жетекшісі, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі директорының орынбасары Ержан Дармышев.
Жоба «IT QUIZ» және «Сколково» технопаркінің дамуына үлес қосқан Ресей мен Украина елдерінің IT мамандарының көмегімен жүзеге асырылды.
Қондырғыда 300 сұрақ топтастырылып, 120 кітап жинақталған. Мұндай құрылғы облыс орталығындағы «Атамекен» және «City plus» ойын-сауық кешендері мен Жетісу университетінің бас ғимаратында орнатылған.
Вендинг-аппараттың білім ошағында орнатылғаны студенттер үшін қуантарлық жағдай болғаны жасырын емес. Олар бір жағынан зияткерлік қабілеттерін сынап, екінші жағынан тегін кітапқа ие болатындарына дән риза. Солардың бірі 4 курс білімгері Мадина Тұрдаш.
« Бұл қондырғының іске қосылғанын көріп қуанып тұрмын. Қазір карантин уақыты. Кітапханалар қашықтықтан жұмыс жасауда. Оқырман залында отырып, кітап оқуға мүмкіндік жоқ. Осы ретте, аталмыш аппараттың біздің оқу ғимаратымызға қойылғаны жақсы болды. Бір жағы сауатымызды арттырамыз, екіншіден өзіміз қалаған кіткапқа қол жеткіземіз. Әрине ол үшін қырағылық таныту керек. Өйткені, мұнда түрлі сұрақтар бар. Барлық 5 сұраққа жауап беру үшін де білім қажет»,-деп ойымен бөлісті. 
Айта кетейік, 3 бірдей қондырғыны жасап шығаруға 9 млн. теңге қаражат жұмсалған. Цифрлық технологиялар мен әдеби-рухани мұралардың синтезі болған бастама осы жылдың ауқымды жобасы болып отыр. Алдағы таңда облыс көлемінде кең ауқымға ие болмақ. 
Естеріңізге саламыз, Алдматы облысытық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің мұрындық болуымен бұған дейін, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Алматы облысының ішкі саясат басқармасымен және "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесімен «VIP ZHETYSU» зияткерлік клубы, «ZHETYSU QUEST» және «IQ DODA» зияткерлік ойындары, «ЗЕРДЕ» телевизиялық ток шоуы сияқты зияткерлікті дамытуға бағытталған бірқатар жобалар әзірленген болатын.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.