Қазақстанда 2014 жылдан бастап «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемле-кеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізіліп келеді.

Мақсат – сапалы қызмет
Қазақстанда 2014 жылдан бастап «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемле-кеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізіліп келеді.

Мемлекеттік қызмет сапасы істері агенттігі 2020 жылы 70 мемлекеттік қызметті көрсету сапасына қоғамдық мониторингті ұйымдастырды.

Нәтиже бойынша, халықтың мем-лекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейі – 75,1% құрады.

Сауалнаманы Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қол-дауымен «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы жүргізді.

Қоғамдық мониторингтің мақса-ты – қызметті алушылардың мемле-кеттік қызметтерді көрсету сапасына, қолжетімділігіне және тәртібіне қанағаттану деңгейін айқындау, сондай-ақ, барлық мемлекеттік органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтің сапасы мен қолжетімділігі туралы көпшілік тарапынан айтылған ұсыныстар негізінде, қызмет сапасына байланысты мәселелерді анықтау болып табылады.

Сауалнама елдің барлық өңір-лерін, оның ішінде 260-тан астам елді мекендер мен өзге елдердің тұрғындарын қоса алғанда 9 мың респондентті қамтыды (жеке және заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, сарапшылар).

Мониторинг барысында қызмет алушылар мемлекеттік орган-дарға келіп тарапынан түскен шағымдарға кері байланыстың әлсіздігі, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігі туралы қажетті ақпаратты алудың қиындығы туралы сын, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жекелеген процестерін автоматтандыру, ақпараттық жүйелерді «электрондық үкімет» порталымен интеграциялау бойынша ұсыныстар айтылды.

Азаматтардың шағымдарының көпшілігі 1414 Бірыңғай байланыс орталығының қызметіне байланыс-ты (қоңырау шалу мүмкіндігінің жоқтығы, консультациялардың төмен сапасы, ББО қызметкерлерінің біліксіздігі).

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.