Тәуелсіздік тарихының айнасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай қалалық кітіпханада «Нұрсұлтан Назарбаев: адамның және саясаткердің портреті» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Тәуелсіздік тарихының айнасы

Көрмеге Елбасының сонау егемендіктің алғашқы жылдарынан-ақ, назарда ұстап, баса мән берген ұлттық бірліктің, өзара түсіністік пен ауызбіршіліктің біздің бүгінгі қол жеткізген ұшан-теңіз жетістіктеріміздегі маңызды рөлі, Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тарихы мен ел игілігіне қосқан үлесі баяндалған «Қазақстан: Бірлік және келісім мекені» кітабы, Тәуелсіздіктің ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Елбасының ұлтжандылықпен, жасампаз еңбекқорлықпен, саяси көрегенділікпен жаңа мемлекеттің іргесін бекемдеп, даму жолына бастаған сан салалы еңбектері: «Ғасырға бергісіз жылдар» мен «Тәуелсіздік дәуірі», сондай-ақ, Елбасының берік бейбітшіл ұстанымын, бітімгерлік болмысын әспеттейтін «Бітімгер» кітабы, ел тәуелсіздігі жариялана салысымен көп ұзамай Елбасының бастамасын қолға алынған көші-қон саясаты, қилы заманда дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен исі қазақ баласының ата мекеніне оралуына барлық жағдайларды жасау, әлемдегі барша қазақтың бірлігін, ұлттық болмысын сақтау бойынша баяндамалары, мақалалары және сыр-сұхбаттары жинақталған «Көші-қон және Қазақ әлемі» кітабы, Елбасының зайырлы, демократиялық, өркениетті жолды таңдаған ұстанымы мен мемлекеттің тұрақты дамуына қосқан сүбелі үлесі бейнеленген «Билік сабақтастығы» кітабы сынды қазақ және орыс тілінде басылған бір топ құнды еңбектері қойылды.        

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.