Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

Құрметті оқырман, парақшамыздың бүгінгі #oqy&toqy айдарында аты-жөнін өзгерткен кезде берілетін анықтаманың телнұсқасын қайта алу жайлы айтатын боламыз.
Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

Ол үшін: Egov.kz порталына кіріңіз;

Іздеу жолы арқылы «Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін табыңыз;

Қызметті онлайн сұратыңыз;

Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;

Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы деректерді порталға енгізіңіз;

Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз;

Үшінші қадамда төлем мәртебесі жайлы ақпаратты «жаңарту» арқылы порталға шығарыңыз; Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;

Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз. Қызмет құны 1 айлық есептік көрсеткіш.

Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.